$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Қажылықта қайтыс болған қазақстандықтардың мүрдесі Мекке мен Мәдинада жерленді

AstanaTV
15.10.2014ж. 20:00
2171
Қажылықта қайтыс болған қазақстандықтардың мүрдесі Мекке мен Мәдинада жерленді

Қажылықта қайтыс болған қазақстандықтардың мүрдесі Мекке мен Мәдинада жерленді. Марқұмдардың туыстары осыны қалапты.

Айта кетейік, қазанның бесі, жетісі және он бірі күндері Сауд Арабиясында мұсылманның ең үлкен парызын орындау кезінде Қазақстаннан барған үш қажы қайтыс болды - деп хабарлады bnews.kz. Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы екі отандасымыздың қайтыс болғанын растаған. Қазақпараттың хабарлауынша, 69 жастағы Баба Никанды жолаушылар тасымалдайтын автобус соғып, мерт қылыпты. Ал жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратын 75 жастағы Ботан Жүсіпованы дәрігерлер ажалдан арашалап қалуға қанша тырысса да, нәтиже болмаған.

Дегенмен, діни басқарма марқұмдар қажылық рәсімнен тыс жерде көз жұмғанын хабарлады. Бүгін Сыртқы істер министрлігі қасиетті Меккеге аттанған 76 жастағы қарттың да көз жұмғанын хабарлады. Биыл Аллаға құлшылық етіп, ғибадат ету үшін Меккеге 5 мың жерлесіміз аттанған.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ