Ресей Қаржы министрлігі бензин
бағасының литрі бір жыл ішінде 1,8 рубльге көтеріледі, деп болжам жасады. Бұл туралы ресейлік ақпарат агенттіктері мәлімдеді.
Хабарламада «мотор жанармайы бағасының
өсуі туралы» Мемлекеттік Думаның бюджет және салық комитетінің отырысында сыртқы
істер министрінің орынбасары Сергей Шаталов айтты делінген. Сондай-ақ, Шаталов «баға төмендемейді. Бұл-нақты», деп атап өтті.
«Росстаттың» бүгінгі дерегі бойынша,
өткен аптамен салыстырғанда, автокөлік бензинінің бағасы 0,4 пайызға, ал дизель
отынының бағасы 0,1 пайызға өскен. Ресей
көктемде мұнай саласына салық маневрін өткіземіз деп шешті. Салықтың төмендеуі -
Ресей нарығындағы мұнай бағасының көтерілуіне алып келеді.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ