Еуроодақ банктер құпиясынан бас
тартты. «Financial Times» басылымының
ақпаратына сәйкес, Еуроодақ
қаржы министрлері жаңа заң қабылдап, одаққа мүше 28 мемлекеттегі банк
клиенттері мен кіріс жайындағы ақпарат жарияланатын болды.
Соңғы 5 жылда Люксембург пен Австрия
бұл жаңашылдыққа қарсы болды. Бірақ, уақыт өте
келе аталған елдер жаңа заңды мақұлдайтынын жеткізді. Алдағы уақытта табыс көзі
бар шет ел азаматтарының қаржысы жарияланады. Еуроодаққа
мүше мемлекеттердің банктері әрбір клиентінің қаражаты жайындағы ақпаратты
азаматтығына байланысты сол елдің салық комитетіне жіберетін болады. Бұл заң - салықтан жалтарып жүрген банк клиенттеріне қарсы әрекет.
Жаңа келісіммен Одақтың барлық мүшелері келісті. Тек Австрия келісім-шартқа 2017 жылы қосылатын болады.
Самат ҚАНАҒАТОВ