$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Ерлан Қарин Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды

AstanaTV
16.10.2014ж. 13:00
1134
Ерлан Қарин Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды

Президент Жарлығымен Ерлан Қарин Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Институттың жаңа басшысын ұжымға Президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин таныстырды. Ерлан Қарин түрлі лауазымды қызметтердің сатысынан өткен. Әр жылдары Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының хатшысы болды.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА