$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Өскеменде азық-түлік бағасы шарықтап кетті

AstanaTV
16.10.2014ж. 20:00
2004
Өскеменде азық-түлік бағасы шарықтап кетті

Өскеменде азық-түлік бағасы шарықтап кетті. Әсіресе сүт өнімдері бірден 10-15 теңгеге қымбаттады. Көкөніс бағасы да 7-10 теңгеге көтерілді. 

Алматы мен Семейден әкелінетін тауарлар Өскемендікінен арзан болып тұр.

Сүт өнімдері мен құс етін өндірушілер қымбатшылықты шикізат бағасының көтерілуімен түсіндірді. Айтуларынша, ол өзіндік құнның үлкен бөлігін құрайды. Көкөністер жағы да көңіл көншітпейді. Павлодарлық картоп өсірушілер пайданың артын қуып, Ресей нарығына бет бұрған. «Бұл өз кезегінде өскемендік базарлардың бағасына да әсер етті», -дейді тұрғындар. Ал тұрақтандыру қоры әзір жеміс-жидекпен және көкөністермен қамдану үстінде. Олар биыл қоймада өнімдердің 11 мың тоннасын сақтауды жоспарлап отыр. Ал сату науқанын қарашаның 1-нен бастамақ. Мекеме өкілдерінің пайымдауынша, бәсекелестік сол арада ғана қыза түспек. Картоп, сәбіз және қырыққабат бағасы 65 теңгеден аспайтынына сендіріп отыр.

Ержан Бегімханов, «Ертіс» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары:

Меніңше, көкөніс өсірушілер қалыптасқан жағдайға байланысты пайда таппақ. Қарашаның 1-нен бастап біз нарыққа іштей кірісеміз. Сәйкесінше, бағалар төмейдейді.

Құс етінің ахуалы да мәз емес. Жергілікті құс фабрикасы өнімінің бағасы килограммы үшін 1 мың теңгеден асады. Жағдайды оңалту үшін қалалық кәсіпкерлік бөлімі монополияға қарсы агенттікке жүгінді. Жақын арада тексеріс жұмыстары мәселенің ақ-қарасын анықтамақ. Билік өкілдері базарлар мен дүкендерге бақылаушыларды жіберді. Саудагерлердің ортақ іс-қимылына тосқауыл қоймақ. Заң бойынша сатушылар тауар құнының үстіне тек 10 пайыз ғана қоса алады.

Бауыржан Нұрғазин, Өскемен қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

Біз бағаларды күнде бақылап отырамыз. Апта сайын қоғам өкілдері және «Нұр Отан» партиясымен бірге рейдке шығамыз. Егер де бағалардың заңсыз өсуін байқап қалсақ, бірден себебін біліп, жіті назарымызға аламыз.

Абзал ҚҰРМАНКИН