$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыдағы медицина қызметкерлеріне үздіксіз білім беретін университет мамандары «Нұр Отанға» қабылданды

AstanaTV
16.10.2014ж. 20:00
1791
Алматыдағы медицина қызметкерлеріне үздіксіз білім беретін университет мамандары «Нұр Отанға» қабылданды

Бүгін Алматыдағы медицина қызметкерлеріне үздіксіз білім беретін университет мамандары «Нұр Отан» партиясына мүшелікке қабылданды. Дәрігерлерге партия билеттерін оқу орнының басшысы табыстады.

Сол жерде ұжым жетекшісі сыбайлас жемқорлық фактілеріне байланысты жиын өткізді. Онда партияның «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының» жобасы талқыланды. Университет қабырғасына магистранттар мен резидентураларды қабылдау барысында жемқорлыққа жол бермеу қадағаланады. «Ал егер ондай мәліметтер анықталған жағдайда, қатаң шаралар қолданылады», - дейді ректор. Оқу орнының басты стратегиясы - жариялылық пен ашықтық. Сондай-ақ сапалы медициналық  білім беруді қамтамасыз ету.

Ғалымжан Тоғызбаев, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің ректоры:

Жемқорлық дәрігерлер мен медицина қызметкерлері арасында бар. Ол жоқ десең, ешкім сенбейді. Сондықтан осы келеңсіздік пен жаман аттан арылу үшін, әркім өзінен бастаған жөн. Біз жемқорлыққа қарсы жұмысты жүргізе бермекпіз.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ