$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Украина билігі Ресей газының транзиті үшін жауап бермейтінін мәлімдеді

AstanaTV
17.10.2014ж. 10:00
1154
Украина билігі Ресей газының транзиті үшін жауап бермейтінін мәлімдеді

Украина қазіргі қолданыстағы транзиттік келісім-шарт бойынша, Ресей газын Еуропаға үздіксіз транзиттеуге толық кепілдік бере алмайды. Бұл туралы Украина премьер-министрі Арсений Яценюк айтты, деп «РИА Новости» хабарлайды.

Яценюктің айтуынша, ол үшін Киев еуропалық компаниялардың өзімен бітімге келуі керек. Брюссельдегілер мұндай шартқа көңілдері толмай отыр. Еуропалықтар қыстан проблемасыз шыға ала ма? Бүгін олар үшін басты сұрақ осы болып тұр. Энергетика бойынша еурокомиссар Гюнтер Эттингер, Финляндия мен Эстония 60 пайыз газды ала алмай қалу мүмкін, деп отыр. Қазіргі күні Еуроодақтағы 18 мемлекет Ресейден газ сатып алады. Оның айтуынша, Еуроодақтың газ қоймасы 80 пайызға толтырылған, ал Украинадағы газдың қосалқы қорлары 17 миллиард кубометрді құрайды.

Дегенмен, алдағы қысқа мұның өзі жеткіліксіз. Еуропалықтар, 2009 жылы Киев Еуроодаққа тиесілі газды өзіне алып алған кездегі дағдарыстан соң, биыл бұл мәселеге қатты алаңдап отыр.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ