Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Азамат Тәжияқов сотта Царнаевқа қарсы куәлік етпек

AstanaTV
17.10.2014ж. 13:00
1001
Азамат Тәжияқов сотта Царнаевқа қарсы куәлік етпек

Бостондағы жарылысқа қатысы бар деп айыпталған қазақстандық студент Азамат Тәжияқов, күтпеген жерден достарына қарсы кәугер ретінде жауап бере бастады. Осыған орай, Тәжияқовқа қатысты сот шешімі әлі жарияланбай отыр. Азаматтың өз серіктеріне қарсы куә болу шешімі туралы оның адвокаты Аркадий Бух мәлімдеді. «Қажет болса, айыптылардың барлығына қарсы шығамыз», - деді Бух.

Айта өтейік, бейсенбіде Бостонда Азамат Тажияқовқа қатысты сот шешімі жариялануы тиіс-тін. Алқа билері студентті тергеу ісіне қатысты барлық айғақ заттарды құртты деп, кінәсін дәлелдеуге тырысты. Алайда сот, бұл айып аздық ететінін жеткізді.

Еске салсақ, қазақ студенттері Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжияқов былтыр көктемде Бостонда болған жарылыстан соң тергеуге кедергі келтірді деп айыпталған. Олар күдікті Джохар Царнаевтың бөлмесінен айғақ заттар - флеш-карта, пиротехника мен ноутбук салынған дорбаны әкетіп, қоқысқа тастаған. Шілдеде алқа билері Тәжияқовты кінәлі деп таныды. Кінәсі дәлелденсе, ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА