$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырау облысының әкімі қол астындағы қызметкерлері өз ісіне жауап беруі тиіс деп есептейді

AstanaTV
17.10.2014ж. 20:00
1260
Атырау облысының әкімі қол астындағы қызметкерлері өз ісіне жауап беруі тиіс деп есептейді

Ал Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қол астындағы қызметкерлері істі болып жатса да, міз бақпайды. Бұл туралы ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, Атырау облысының әкімі: 

Работа есть работа, одно дело, когда умышленно идешь на коррупцию, другое дело - по работе могут быть какие-то ошибки. Но любая ошибка от ответственности не освобождает, такое может случиться. Поэтому, если кто-то ошибется и будет привлечен к ответственности, я не собираюсь подавать в отставку, я вам сразу открыто скажу. Пусть отвечает каждый.

Әкім облыстың экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады. Сондай-ақ, мұнайлы өңірдегі жанар-жағармай мәселесіне тоқталды. «Атырау облысында жанар-жағармай тапшылығы жоқ және болмайды деп болжап отырмыз», - деді.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, Атырау облысының әкімі: 

Қазір Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауыты қайта құру процесінен өтіп жатыр. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жаңғырту жұмыстары да жүйелі түрде жүріп жатыр. Екі кезеңнен тұратын жаңғырту жұмыстарының бірінші кезеңі биыл аяқталуы тиіс. Жоба ароматикалық көмірсутектерді, бензолды, параксилолды, эксилолды шығаруды көздейді. Ал екінші кезең 2016 жылдың аяғында бітеді. Мұнайды терең өңдеу әдісін қолдану жағын қарастырамыз.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ