Қазақстанда 2015 жылдың бюджеті
қайта қаралады. Мұнай бағасының құлдырауына байланысты республикалық бюджет
қайтадан сүзгіден өтеді. Бұл туралы Премьер- министрдің бірінші орынбасары
Бақытжан Сағынтаев Алматыда өткен инвестфорум кезінде мәлімдеді.
Бақытжан Сағынтаев ҚР премьер-министрінің
бірінші орынбасары:
Өздеріңіз көріп отырсыздар,
бүгінгі күні мұнайдың бағасы төмендеп барады. Қателеспесем, кешегі күні оның
құны 82-83 АҚШ долларына дейін түсті. Сондықтан біз бюджетті 80 АҚШ долларына
бағаланатын мұнайға қарап, қайта есептеуге мәжбүрміз.
Ал бүгінгі форумда Алматы билігі қонақтар назарына іске
асыру жоспарланып отырған ірі инвестициялық жобаларды таныстырды. Олардың
ішінде Қоқыс өңдеу зауыты мен Жеңіл рельсті көлік жобаларын, сондай-ақ
«Көкжайлау» тау шаңғы курорты жобасын айтуға болады. Қала әкімдігігінің
ақпаратына қарағанда, инвестициялық бас қосудың аясында құны 560 млн АҚШ
доллары болатын келісімшарттарға қол қойылған.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ