$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Мәжілісте «Тұрғын үй коммуналды шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы талқыланды

AstanaTV
20.10.2014ж. 20:00
1513
Мәжілісте «Тұрғын үй коммуналды шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы талқыланды

«Коммуналдық саланы меншіктеген монополистерге ортақ тәртіп жоқ. Салдарынан жылдар бойы қордаланған коммуналдық проблемалар шешілмей келеді». Мәжілісте өткен «Тұрғын үй коммуналды шаруашылығын жаңғырту» барысы туралы жиында палата төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева осы мәселені көтерді.

Дариға Назарбаева ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, "Нұр Отан" фракциясының жетекшісі:

Су, газ, электр жарығы сияқты коммуналдық қызметтердің басын қосып, бір ғана мемлекеттік саясатқа бағынатын кәсіпорын құру керек. Коммуналдық жүйе дегеніміз мемлекеттің қан тамыры. Бүгінде ол жекелеген компаниялардың қолында. Арасында байланыс жоқ. Атқарушы билік те олармен дұрыс жұмыс істемейді. Екі ортада біз, тұтынушылар, жылдар бойы сең соққандай адасып жүрміз. 

Тың ұсыныс жаңа заң жобасында қаралмақ. Бұдан бөлек, енді заң бойынша монополистер табысының бір бөлігін коммуналдық жүйені жаңғыртуға жұмсауға міндеттелуі мүмкін. 2011 жылы басталған «Тұрғын үй коммуналдық жүйесін жаңғырту» бағдарламасы да өзгереді. Яғни баспанаға қандай жөндеу жүргізу керектігін тұрғындар таңдамайды. Үйдің жай-күйіне қарап, оны мемлекет ұсынады. Өйткені бағдарламаның атына заты сай емес. Кейбір баспаналар сылап-сырлаумен шектеліп жатыр. Жалпы соңғы 4 жылда 1366 баспана жөндеуден өткен. Оның 70 шақтысында жұмыс шала атқарылып, тұрғындардың наразылығын туғызды.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

Жай подъезді сылай салу ешқандай пайдасын әкелмейді. Төбесін, әйнектерін, есіктерін жасаса, жертөледегі құбыраларын ауыстырса ғана, 30 пайызға дейін төлемдеріңіз азаяды жылуға деген.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ