$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Шымкентте көкөністер мен жеміс-жидектер шеруге шықты

AstanaTV
20.10.2014ж. 20:00
2304
Шымкентте көкөністер мен жеміс-жидектер шеруге шықты

Шымкентте көкөністер мен жеміс-жидектер шеруге шықты. Қала күні мерекесінің құрметіне баклажан мен асқабақ, сәбіз, болгар бұрышы мен қызанақтар  қала көшелерімен сап түзеп өтті.  Бидай мен жүгері де осында.

Мұғалімдер, дәрігерлер мен әлеуметтік сала мамандары көкөніс кейпіне енген. Ұйымдастырушылар екі мыңдай адамның Оңтүстікте өсетін  өнім түрлерін көрсетуге тырысқанын айтады. Тәукехан даңғылынан бастау алған шеру Республика, Айбергенов көшелерін қиып өтіп, орталық алаңға табан тіреді. Гүлдер композициясы да мерекенің ажарын аша түсті. Көрмеге қойылған кескін-бейнелер  гүлден тоқылған. Бұл негізінен мектеп ұжымдарының қолынан шыққан еңбек.

Тарихшылардың  пайымынша, биыл Шымкентке 2200 жыл. Тарихы тым тереңде жатқан шаһардың туған күніне арналған мерекелік шарада жастардың қатысуымен флэшмоб  ұйымдастырылды.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ