$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Total компаниясының басшысы Кристоф де Маржери отырған ұшақ апатқа ұшырады

AstanaTV
21.10.2014ж. 10:00
1075
Total компаниясының басшысы Кристоф де Маржери отырған ұшақ апатқа ұшырады

Бүгін түнде Мәскеудің «Внуково» әуежайында орын алған ұшақ апатынан француздық Total энергетикалық концернінің басшысы Кристоф де Маржери қайтыс болды.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, ұшақ қар тазалауыш жүк көлігімен соқтығысқан. Борт ішінде экипаждың үш мүшесі мен мұнайгаз компаниясының басшысы ғана болған. Олар оқиға орнында көз жұмды.

Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, апаттың себеп салдарын халықаралық авиация комитеті мен «Росавиация» тексереді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ