$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қостанайда сәулет-құрылысты бақылау департаментінің басшыларына қатысты сот отырысы басталды

AstanaTV
21.10.2014ж. 10:00
1095
Қостанайда сәулет-құрылысты бақылау департаментінің басшыларына қатысты сот отырысы басталды

Қостанайда жемқорлыққа жол берген шенеуніктерге қатысты сот отырысы басталды.

Айта кетейік, айыпталушылар қатарында облыстық сәулет-құрылысты бақылау департаментінің экс-бастығы, оның орынбасары және қос бөлім басшысы бар. Олар бейнекамераға түсіруге қарсы болды. Сондықтан сот жабық есік жағдайында өтті.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың жазбаша таратқан ақпарына сай, департамент бастығы Александр Ен қызметтік бабын пайдалана отырып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Топ құрамына қарамағындағы орынбасары мен бөлім басшылары өз еркімен кіреді. Құлқынның қамын ойлаған лауазымды тұлғалар, жеке кәсіпкерлікке кедергі келтіріп, құрылыс нысандарына берілетін рұқсат құжаттар мен лицензия үшін қомақты көлемде пара алып отырған. Оңай жолмен келген олжаны олар өзара тең бөлісіп келіпті.

Естеріңізге сала кетейік, осы атышулы іске қатысы бар деп айыпталған Гүлфарида Тайырбергенова қазанның 4 күні өзі тұратын үйдің ең жоғарғы қабатынан секіріп, мерт болды. Марқұм пара алушы мен беруші тарапқа делдалдық жасағаны үшін жауап беруі керек еді.

Заңғар САНАЙ