$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Петропавлда әлеуметтік нан бағасы қымбаттамайды

AstanaTV
21.10.2014ж. 10:00
1440
Петропавлда әлеуметтік нан бағасы қымбаттамайды

Петропавлда әлеуметтік нан бағасы қымбаттамайтын болды. Әкімдік, ауыл шаруашылығы басқармасы, ұн өңдеу кәсіпорны мен наубайханалар 4 жақты меморандумға қол қойды.

Осылайша, билік өкілдері көпшілік тұтынатын нан бағасын қол жетімді етпек. 11 наубайхана бірінші сұрыпты ұннан жасалған нанды 45 теңгеден сатуды жоспарлаған. Сауда сөрелерінде ол тұтынушыға 49 теңгеден ұсынылмақ.

Еске салайық, қыркүйекте Петропавл нан-тоқаш комбинаты нанның жаңа түрін шығарып, бағасын 70 теңгеге дейін көтерген. Мұны олар технологияның күрделілігімен түсіндірді. Әлеуметтік нан бұрынғы бағамен сатылды. Алайда, халықтың наразылығына орай, жаңа нанның құны әлеуметтік нанмен теңестірілген. Бірақ 2 аптадан кейін наубайханалар тың өнімнің бағасын қайта аспандатып қойды. Қазір нанның бұл түрі 65-70 теңгеден сатылуда.

Шыңғысбек Сұлтанбеков, Петропавл қаласы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы:

Ауыл шаруашылығы басқармасының демеу қаржысы арқылы ұн өңдеу комбинаттары бірінші сұрыпты ұнды наубайханаларға 48 теңгеден сатады. Бұл, нан шығару кәсіпорындарына 550 граммдық нанды 45 теңгеден сатуға мүмкіндік бермек. Меморандум алдымыздағы жылдың қаңтар айына дейін жалғасады.

Абзал ҚҰРМАНКИН