$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Беларусь үкіметі жатыпішерлерді заңды түрде жазаламақ

AstanaTV
21.10.2014ж. 13:00
1111
Беларусь үкіметі жатыпішерлерді заңды түрде жазаламақ

Беларусь үкіметі жатыпішерлерді заңды түрде жазаламақ. «Интерфакс», Беларусь президенті Александр Лукашенконың «Арамтамақтарды қалай болғанда да еңбекке мәжбүрлеу керек» деген сөзін келтіріп отыр.

Масылдыққа қарсы норма қылмыстық кодекске нақты қашан енгізілетіні әлі белгісіз. Дегенмен, Александр Лукашенко 1 қаңтарға дейін тиісті құжаттар әзірленетін болсын деп, қадап айтты. Осыған қарағанда Беларусь билігі Кеңес Одағы кезіндегі кейбір «ғұрыптарды» аңсайтын секілді. Одақ тұсында жатыпішерлер қамауға алынатын, болмаса түзету жұмыстарына жегілген.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА