$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қарағандыда төрт бірдей ірі спорт клубы саудаға қойылды

AstanaTV
22.10.2014ж. 20:00
1292
Қарағандыда төрт бірдей ірі спорт клубы саудаға қойылды

Қарағандыда төрт бірдей ірі спорт клубы саудаға қойылды. Олар - «Шахтер» футбол командасы, «Сарыарқа» хоккей клубы, воллейболдан әйелдер құрамасы және «Тұлпар» мини-футбол командасы. Жоспар бойынша сатылым жыл аяғында дейін өтуі тиіс.

Бұл туралы  Қарағанды облыстық мемлекеттік активтер мен сатып алулар басқармасының өкілдері мәлімдеді. Командалар осы уақытқа дейін мемлекет құзыретінде болған және ұзақ жылдар бойы  республикалық, халықаралық сайыстарда аймақ намысын қорғап келді. Алайда дене тәрбиесі және спорт басқармасы соңғы кездері командаларға қаржылай қолдау көрсету қиыншылық туғызып отырғанын алға тартуда. Сатылым электронды коммерциялық тендер тәсілі бойынша жүргізіледі. «Сарыарқа» хоккей клубын шамамен 77 миллионға, ал «Шахтерды» 214 миллион теңгеге сатып алуға болады. Ойыншылардың қызметіне төленетін ақы аталған сомалардан бөлек.

Рустам Қожабеков, Қарағанды облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

Әрине, белгілі бір қауіп бар. Командалардың нәтижелілігі бәсеңдеп, клубтар  жабылып қалуы да ықтимал. Бірақ оған  жетпейді деп ойлаймыз. Клуб қызметі бағдарының сақталып қалуы - басты талап. Оның орындалуын бес жыл бойы тексеріп отырамыз.

Жұрағат БАМАН