$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Ақтөбедегі бес жасар Темірлан Сәндібаевтың денесін ата-анасы таныды

AstanaTV
24.10.2014ж. 10:00
1253
Ақтөбедегі бес жасар Темірлан Сәндібаевтың денесін ата-анасы таныды

5 жасар Темірлан Сәндібаевтың денесін ата-анасы таныды. Бұл туралы ақпарат құралдары Ақтөбе облыстық ІІД-ідегі дереккөздеріне сілтем жасап хабарлауда.

Кеше кешкі жаңалықтарымызда Ақтөбе маңындағы Қарғалы өзеніне белгісіз баланың мәйіті қалқып шыққаны туралы айтқан болатынбыз. Болжам бойынша, ол осыдан екі аптадай бұрын жоғалып кеткен Темірлан Сандыбаевтың мәйіті делінген. Полицейлер баланың ата-анасын мәйітті тануға апарған. Дәл қазіргі сәттерде ресми емес деректер бойынша, олар өзеннен табылған бала өз баласы екенін таныған. Осы дерек бойынша бүгін арнайы баспасөз мәслихаты өткізіледі, деп күтілуде. Ал баланы іздеуге жұмылдырылған еріктілер арасындағы біздің дереккөздеріміз былай деп хабарлауда.

Дина Бөкенбаева, ерікті:

Полицейлердің айтуынша, баланың денесін саңырауқұлақ теріп жүргендер тапқан. Қарғалы өзенінен қалқып шыққан деседі. Біз, «нақты Темірлан ба?», деп сұрадық. Олар растап отыр. Біз бірнеше рет сұрадық«сенімдісіздер ме» деп. Олар «ия» деп айтты.

Еске саламыз, 5 жасар Темірлан Сәндібаев 10 қазанда ауладағы құмда ойнап жүрген кезінде көзден ғайып болған. Оны іздеуге 1500 полиция қызметкері, 100 сарбаз және 800 ерікті студент жұмылдырылды. Олар баланың суреттерін қоғамдық жерлерге іліп, халықтан көмек сұрады. Бірақ еш нәтижесіз. Ал ата-анасы бүлдіршінді көлік қағып кетті немесе ұрлаған адам қалай қайтаруды білмей жүр деген болжамдарын да айтқан еді.

Илхам ИБРАГИМ