$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Мәскеудің «Внуково» әуежайында болған ұшақ апатына қатысты қара жәшіктегі жазбалар жариялана бастады

AstanaTV
24.10.2014ж. 10:00
948
Мәскеудің «Внуково» әуежайында болған ұшақ апатына қатысты қара жәшіктегі жазбалар жариялана бастады

Қара жәшіктегі жазбалар жариялана бастады. Мәскеудің «Внуково» әуежайында болған ұшақ апатын зерттеу жұмыстарының алғашқы қорытындылары жариялана бастады. Ұшақтың қара жәшігіндегі жазбаларды тыңдау жүріп жатыр. Алғашқы нәтижелер бойынша ұшқыштардың жұмысынан еш қателік табылмаған.

Экипаж мүшелерінің әңгімелерін тыңдаған тергеушілер осындай қорытынды жасап отыр. Ұшу кезінде барлық амалдар дұрыс жасалған, бірақ бұл апаттың алдын алуға олар қауқарлы емес еді, дейді. Өйткені әңгімелерді тыңдау кезінде ұшқыштардың қар тазалаушы машинаны көрмегеніне көз жеткізуге болады, деді тергеушілер.

Айта өтейік, 21 қазанда «Внуково» әужайында Total мұнай компаниясының басшысы отырған ұшақ қар тазалау техникасымен соқтығысып жарылып кетті.

Илхам ИБРАГИМ