$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Э.Моралес: Оқушыларды ынталандыру үшін әрбіреуіне айына 30 доллардан төленеді

AstanaTV
24.10.2014ж. 13:00
2059
Э.Моралес: Оқушыларды ынталандыру үшін әрбіреуіне айына 30 доллардан төленеді

Боливия президенті Эво Моралес өз халқын ағартуға шындап кіріскенге ұқсайды. Ол сабақтан қалмайтын оқушыларға айына 30 доллар төлеуге дайын екенін мәлімдеді.

Президенттің ойынша, бұл қадам сауатсыздықты жоюға сеп болмақ. 2006 жылы бастауыш мектепті аяқтауға жаппай тарту бағдарламасы басталған тұста Боливияда жүз оқушының жетеуі мектепті аяқтамайтын еді. Қазір ол көрсеткіш жақсарып, 1,5 пайызды құрап отыр. Билік енді осы бағдарлама арқылы 12 жасқа дейінгі оқушыларды да білімге тартпақ. Оған Боливия мектептеріндегі екі миллиондай оқушы қатысуы мүмкін.

Уильямс Бустиллос Кондори, оқушы:

Президент Эво Моралестің өзі маған 200 боливано берді. Алғысым шексіз. Ол ақшаны әскери колледжде оқуға жинамақпын. Әскери адам болу - арманым. Сондықтан, офицерлікті оқимын.

Жақында қайта сайланған президент Эво Моралесті көпшілік атаққұмарлығы үшін айыптайды. Дегенмен, ақпарат құралдарының мәліметінше, елді ол басқарған тұста Боливияда жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім үш есе өскен.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА