$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Ресей әуежайындағы апатқа қатысы бар тағы бір күдікті қамалды

AstanaTV
24.10.2014ж. 20:00
762
Ресей әуежайындағы апатқа қатысы бар тағы бір күдікті қамалды

Ресей әуежайындағы апатқа қатысы бар тағы бір күдікті қамалды. Мәскеу соты Внуково әуежайының диспетчері Александр Кругловты 21 желтоқсанға дейін тұтқында ұстауға үкім шығарды. Ол апатқа ұшыраған Falcon ұшағының ісіне қатысты айыпталып отыр. Қорғаушы тарап диспетчерді 4 миллион рубль кепілмен босатуды сұраған. Бұл қаражатты аэронавигация кәсіпорны төлемек. Александр Круглов болса, кінәсін мойындамайды.

Ал қар тазалаушы машинаның жүргізушісі Владимир Мартыненко сот үкімімен қамауға алынғанын бұған дейін хабарлағанбыз. Сонымен қатар әуе қауіпсіздік қызметінің 4 маманы  ұсталды. Араларында Круглов та бар. Айта өтейік, халықаралық мамандар Ресей әуенавигация құрылғыларын модернизациялау қажет деп бұрыннан айтып келеді.

Еске салайық, Внуково әуежайында апатқа ұшыраған  ұшақта экипаждың 3 мүшесі мен  Total француз мұнай компаниясының президенті Кристоф де Маржери болған еді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА