$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Керекуде ғаламның өкіл мықтыларының басын қосқан «Әлем барысы» халықаралық турнирі болып өтті

AstanaTV
27.10.2014ж. 10:00
999
Керекуде ғаламның өкіл мықтыларының басын қосқан «Әлем барысы» халықаралық турнирі болып өтті

Керекуде ғаламның кіл мықтыларының басын қосқан «Әлем барысы» халықаралық турнирі өтті. Бозкілемде әлемнің үздік 38 балуаны бақ сынады. «Астана» мұз сарайына жиналған қауымның қарасы да көп.

Ұйымдастырушылардың есебінше, халықаралық белдесуді үш мыңға жуық көрермен тамашалаған. Алдымен жиналғандардың назарына қазақ күресінің тарихын танытқан театрландырылған қойылым ұсынылды. Сондай-ақ, көшпенділердің тыныс-тіршілігін паш етер көріністер көрсетілді.

Шараның тағы бір тартуы - АҚШ-тан арнайы шақырылған Голливуд әртісі, спорттық жекпе-жек түрлерінің жанашыры Кэри-Хироюки Тагава болды. «Қазақтар мен жапондар - бір-біріне ұқсас халық. Қазақ - өзінің Отаны мен намысы үшін әрдайым күрескен жауынгер ұлт. Сондықтан, өзімді қазақ халқының өкілі ретінде сезініп тұрмын», - деді ол.

Ақтық сында отандасымыз Айбек Нұғымаров бозкілемде кубалық палуанмен кездесті. Қазақ палуаны бар күш-жігерін салғанымен, жеңіс қарсыласына бұйырды. Сөйтіп, Брайсон Видаль «Alem Barysy» алтын белбеуін иеленді.

Айта кетейік, жүлде қоры 150 мың долларды құраған алғашқы халықаралық турнирге 35 елдің спортшылары қатысты.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ