$485.11 €523.82 ₽5.02
×

ҰҚК: Шекара қызметі жетекшісі қызметін асыра пайдаланғаны үшін ұсталды

AstanaTV
27.10.2014ж. 20:00
1432
ҰҚК: Шекара қызметі жетекшісі қызметін асыра пайдаланғаны үшін ұсталды

Тағы бір генерал істі болды. Шекара қызметінің директоры Нұрлан Жоламанов тұтқындалды. Оған қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз орталығы таратты. Соған сүйенсек, Жоламановқа қатысты қылмыстық іс «лауазымды тұлғалар тарапынан қызмет бабын асыра пайдалану» фактілері бойынша жүргізген тексеріс барысында қозғалған. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр. Іс Бас әскери прокуратураның бақылауында.

Нұрлан Жоламанов Ресейдің Орынбор облысында дүниеге келген. Орта Азия әскери округінде зениттік взвод командирінен бастап Қазақстан Қарулы күштерінде бірнеше лауазымда қызмет атқарады. Соңғы қызмет орны - Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры. Бас әскери прокуратура істің мән-жайы туралы әзірге түсініктеме бермеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ