$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Украинадағы парламенттік сайлау қорытындысы бойынша Жоғарғы Радаға 6 партия өтетін болды

AstanaTV
27.10.2014ж. 20:00
1130
Украинадағы парламенттік сайлау қорытындысы бойынша Жоғарғы Радаға 6 партия өтетін болды

Украинадағы парламенттік сайлау қорытындысы бойынша Жоғарғы Радаға 6 партия өтетін болды. Бюллетеньдердің 45 пайызын өңдеу нәтижесінде белгілі болған соңғы мәліметтер бойынша, партиялар тізімінде премьер-министр Арсений Яценюктің «Халықтық майданы» 21,6% дауыспен көш басында.

Одан кейін 21,47 пайызбен президент Петр Поршенконың блогы жайғасқан. Оның қатарында Киев мэрі Виталий Кличко мен Юрий Лученко барын еске салайық. Әрі қарай Львов қаласының мэрі Андрей Садовтың «Самопомощь» партиясы - 11,13%, бұрынғы аймақтар партиясы мүшелерінен құралған оппозияциялық блок - 9,76%, Олег Ляшконың радикалды партиясы - 7,36, экс-премьер Юлия Тимошенконың «Батькивщинасы» 5,71%-бен Радаға өтетін партиялар тізімін тұйықтайды. Қалғандары 5 пайыздық межеден аспады. Енді президент Порошенко Еуропаны жақтаушы партиялардың коалициясын құра алады.

Арсений Яценюк, Украина премьер-министрі:

Мен жаңа ғана Украина президентімен сөйлестім. Біз ел үшін қажетті барлық реформаларды тиімді әрі жылдам қабылдау үшін, қысқа мерзімде коалиция жасақтауға келістік.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ