$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Алматыда жанармай тапшылығына қатысты дөңгелек үстел отырысы басталды

AstanaTV
28.10.2014ж. 10:00
930
Алматыда жанармай тапшылығына қатысты дөңгелек үстел отырысы басталды

Алматыда жанармай тапшы. Өткен жұмадан бері ірі жанармай құю бекеттерінде бензин талонмен ғана сатыла бастады. Халық арасында сұранысы жоғары АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин түрлерін құю үшін көлік жүргізушілер кей бекеттерде сағаттап кезек күтуге мәжбүр.

Аталған мәселеге қатысты дәл осы сағатта Алматы қаласында сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел отырысы басталды. Жанармай тапшылығы проблемасын шешу жолдарын талқылауға ҚР Энергетика министрлігі Мұнай өндірісін дамыту департаментінің бас сарапшысы Нұрбек Амангелдіұлы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті экономика институтының бас ғылыми қызметкері Олег Егоров, сондай-ақ бірқатар аналитиктер, экономисттер, кәсіпкерлер, әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар қатысуда.

Айта кетейік, қыркүйекте еліміздің барлық аумақтарында жанармай тапшылығы халықты біршама әбігерге түсірген еді. Ол кезде тиісті мемлекеттік мекемелер ахуалды елдегі үш бірдей мұнай өңдеу зауытының күрделі жөндеуге жабылуымен түсіндірген еді.