$485.11 €523.82 ₽5.02
×

АҚШ-та барлық сала мамандары мен билік өкілдері карантин ережелерін қатаң сақтайтынын жеткізді

AstanaTV
28.10.2014ж. 13:00
1162
АҚШ-та барлық сала мамандары мен билік өкілдері карантин ережелерін қатаң сақтайтынын жеткізді

АҚШ-та Эбола безгегі асқынған елдерден келгендерге қоғам қалай қарау қажеттігі туралы пікірталас қызып жатыр. Сьерра-Леонеден келген Нью-Джерсидегі медбикенің өліміне қатысты қоғам наразылығынан соң, биліктің де пікірі өзгерді. Нәтижесінде, адамдардың бостандығын шектеуге басымдық берілді. Оның ішінде Эбола асқынған елдерден келген медицина қызметкерелі ережеге бағынулары тиіс. Бұл ретте биліктегілер үлгі көрсетпек.

Мәселен, АҚШ елшісі БҰҰ-да Америкаға келген соң өзі де карантин ережелері қатаң сақтайтынын айтты. Ауру ошағынан қайтқан әскерилер де безгектің белгілері байқалмаса да, бірнеше күн талапты сақтайтындарын мәлімдеді.

Ал, БҰҰ карантин талаптарына қатысты адамдардың бостандығы шектеліп жатқанына алаңдаулы. СПИД-пен күрес белсенділері де жұқпалы дертпен Африкада күресу керектігін, басқа елдерде адамдарға қиындық туғызудың қажеті жоқ екендігін айтуда.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА