$518.97 €607.3 ₽6.64
×

«Алтын доптың» иегері 2015 жылдың 12 қаңтарында белгілі болады

AstanaTV
29.10.2014ж. 10:00
1631
«Алтын доптың» иегері 2015 жылдың 12 қаңтарында белгілі болады

Әлемнің үздік футболшысына берілетін «Алтын доптың» иегері 2015 жылдың 12 қаңтарында белгілі болады. Бұл атақтан үміткер 23 футболшының есімі жарияланды. «Реал» және «Бавария» командаларынан 6 футболшыдан іріктеліп алынса, ал «Барселона» сапынан тек 4 ойыншы тізімге кірді. Спорт тақырыбын Самат Қанағатов тарқатады.



«Бавария» командасының бас бапкері Хосеп Гвардиола қатаң шараға тап болуы мүмкін. «Борусия» клубымен болған кедесу барысында Гвардиола қосалқы төреші Бибиане Штайнхаусқа кездесудің негізгі уақытына тағы бірер минут қосуын өтінді. Қазыдан лайықты жауап ала алмаған бапкер алдымен төрешінің қолын алып, артынан иығына қолын қойған. Осы оқиға байланысты Германия футбол федерациясы тергеу жүргізеді. Бундеслиганың ережесіне сәйкес кездесудің ресми өкілдеріне қол тигізуге болмайды.



«Реал» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду өткен жылдың үздік футболшысы және сұр мерген шабуылшысы атанды. Өткен жылы ел чемпионатында қола жүлде алғанына қарамастан, патшалық клуб «Король» кубогы мен Чемпиондар лигасының бас жүлдесін ұтып алды. Дәл осы жарыстарда алаңда жасындай жарқыраған португалиялық шабуылшы команда жеңісіне сүбелі үлес қосты.



Кәсіпқой бокстан үш тұжырым бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин ұлыбританиялық Карл Фроч пен мексикалық Хулио Сезар Чавесті жекпе-жекке шақырды. Ағылшын спортшысы Фроч - халықаралық бокс федерациясының чемпионы. Ол үшін, әрине, қарағандылық спортшыға келесі салмаққа ауысу қажет. Әзірге белгілі болғандай, отандасымыз 2015 жылдың 21 ақпанында Ұлыбритания спортшысы Мартин Мюрреймен қолғап түйістіреді. Осы уақытқа дейін 31 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында үздік шыққан Геннадий Головкин - бұл кездесудің фавориті.

Самат ҚАНАҒАТОВ