$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Өскемен облысы әкімі аудандарға қысқы азық қорын дайындауды тапсырды

AstanaTV
29.10.2014ж. 13:00
1480
Өскемен облысы әкімі аудандарға қысқы азық қорын дайындауды тапсырды

Әр аудан азық-түлік қорын жинауға тиіс. Шығыс Қазақстан аймағының әкімі осындай қаулы қабылдады. Өңір басшысы өткен жылғы қаһарлы қыста алыс шалғайдағы елді мекендерге ең қажетті азық-түлікті жеткізу көптеген қиындықтар туғызғанын еске салды. Сондықтан, биыл мұндай келеңсіздіктер қайталанбауын тапсырған.

Қазірдің өзінде қорға қажетті азық-түліктің құрамы мен мөлшері де анықталған. Олар - бірінші кезекте ұн, барлық жеміс-жидектер және күнбағыс майы. Осы бағытта аудандарға аграрлық сала бойынша қоймалар салуға қаржы да бөлінген. Қоймалардың құрылысы басталысымен аудандардағы шаруалар өз өнімдерін сатуды да тоқтатқан.

Ділдәбек Оразбаев, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі:

Бізде картоптың жақсы қоры бар. Тұрақтылық қорда 500 мың тоннаға жуық тауар жиналған. Соның арқасында биыл бірінші рет Тарбағатай азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз етіліп отыр. Бұрындары Шымкент, Жамбыл, Алматыдан КамАЗ-дармен сатып алатынбыз. Ал, биыл картоп, сәбіз, орамжапырақпен өз-өзімізді қамтамасыз еттік.

Берік ХАСЕНОВ