$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Австрияда ұшатын автокөліктің прототипі таныстырылды

AstanaTV
30.10.2014ж. 10:00
1024
Австрияда ұшатын автокөліктің прототипі таныстырылды

Автоәуесқойлар енді авиаәуесқойларға айналып кетулері мүмкін. Өнертапқыштар ұшатын көліктерді 2017 жылға қарай таныстырамыз деп уәде беруде. Ал әзірге авиакөліктердің прототиптері Венадағы көрмеде көрсетілуде.

Экспозиция IT технологиялар саласындағы кәсіпкерлікке арналған. Аэромобильдердің модельдері 15 жыл бойына дамытылып келеді. Олардың салмағы 450 килограмм, ал қанат серпуінің ұзындығы 8,2 метр. Әуекөліктің ұшу ұзақтығы 7000 километр, ал жанармай тұтынуы 100 километрге жеті жарым литрді құрайды. Салонда әзірге екі-ақ орындық қарастырылған. Алайда атқарылар жұмыс әлі де алда. Келешекте модель жеңіл қозғалтқышты ұшақтар санатына жатқызылмақ.

Стефан Клян, өнертапқыш:

Біз транспорттың жаңа түрін ойлап тапқымыз келеді. Ол жай ұшу құралы болмайды. Күнделікті қолданыстағы көлікке айналуы тиіс. Модель не мотоцикл, не көлік тектес болып шығады деп жоспарлап отырмыз. Ұшқанда да, жерде де еш қиындықсыз қозғалатын болады.

Жұрағат БАМАН