Ішкі істер министрлігінде жаңа
үлгідегі төлқұжаттар таныстырылды. Бұл туралы
ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа төлқұжаттың дизайны өзгертілген.
Атап айтсақ, қара-ала фотосуреттер түрлі-түстіге алмастырылған. Құжаттың қауіпсіздік элементтері және белгілері
жаңартылған. Бір ерекшелігі, төлқұжаттың беткі оң жақ тұсында құжат иесінің
голографиялық фотосуреті орналастырылған екен. Ал ескі төлқұжаттар, мерзімі біткенше қолданыста қала бермек. Алайда, ауыстырып аламын деушілерге шектеу жоқ.
Еске салайық, төлқұжаттағы фотосуреттің сапасы сын көтермейтіндігі туралы мәселені депутаттар 2012 жылы
көтерген болатын.
Жұрағат БАМАН