$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қазақстанға Ресейден қатынайтын поездардың жүру кестесі өзгерді

AstanaTV
30.10.2014ж. 13:00
1955
Қазақстанға Ресейден қатынайтын поездардың жүру кестесі өзгерді

Оңтүстік Орал темір жолына қарасты Петропавл темір жол вокзалы ресейліктер сияқты уақытты бір сағат алға жылжытты. Осыған байланысты бірқатар поездың уақыты өзгерді. Ресей мен Қазақстан арасында қатынайтын шойын жол көліктерінің уақыты не бары 10 минутқа өзгерді. Ал ел ішінде жүретін поездар еш өзгеріссіз қалды. Тек «Петропавл-Алматы» бағытының уақыты ғана жарты сағатқа өзгертілген. Аталған поезд бұған дейін Қызылжардан түнгі бір жарымда шықса, қазір ол Алматыға қарай сағат түнгі екіде жолға шығады. Вокзал басшылығының айтуынша, «Петропавл-Алматы» поезы халық арасында аса сұранысқа ие.

Ольга Жепко, Оңтүстік Орал темір жолы билет кассаларының меңгерушісі:

Ресейдің жазғы уақыты қазанның 26-нда аяқталды. Біздің вокзал да уақытты бір сағат алға жылжытты. Енді уақыт өзгермейді. Қазақстан мен Мәскеу уақыттарының айырмашылығы бұдан былай ылғи 3 сағат болмақ. Енді жолаушылар біздің билеттерде көрсетілген уақытқа әрдайым 3 сағат қосып отырулары керек.

Абзал ҚҰРМАНКИН