$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Оралда бұралқы иттер қорадағы малдарды қырып жатыр

AstanaTV
03.11.2014ж. 10:00
2120
Оралда бұралқы иттер қорадағы малдарды қырып жатыр

Орал қаласының іргесіндегі ауылға ит шауып, 70-ке тарта қойды қырып кетті. Мұндай сұмдықтан шошыған мал иелері төрт жыл бойы төккен тері еш кеткенін айтып, жағасын ұстап отыр.

Төрт күшігін ерткен ит 50-ден астам қой мен он шақты ешкі-лақты тамақтап тастаған. Таланып қалған тағы он шақты қойды мал иелері арам өлмесі үшін бауыздауға мәжбүр болыпты. Бәрі де қораның әр бұрышында теңкиіп жатыр. Ал көз алдында болған қырғыннан шошыған қозы-лақ мәңгіріп қалыпты. Мамандар бұлардың енді мал болмайтынын айтып, сойып құтылу керек, дейді.

Нұрғали Темірғалиев, үй иесі:

Лақтың маңырағанын естідім, қыстырылып жатыр екен деп шауып келіп тұрмын ғой. Кәлдіге келіп қарасам, ит екен. Екі ит жабысып жатыр, көрдім действительно көзіммен. Үріп тұр еще, жабысып жатыр екен. Содан айқайлағанда үлкені забордан секірді де, кішкентайлары мына жерден қашып, есіктің астынан өтіп кетті.

Раида Ихсанова, үй иесі:

Бұл малдың шығыны дейтін 1 млн 400 мыңға шықты. Соны мына акиматтың адамдарына айтарым соны өтеп берсе, қандай жолмен болса да, енді бәріміздің еңбегіміз ғой. Осы малға қарап отырмыз тек қана.

Биылдыққа 80 бұралқы иттің көзін құртқанын айтқан аудан басшылығы өлген малға өтемақы төлеудің заңды жолдарын қарастырамыз деп сендірді. Қырылған мал көлікке тиеліп, арнайы орында өртеледі.

Айта кетелік, бұған дейін де иелерінің кім екендігі белгісіз иттер осы ауылдағы сегіз қойды тамақтап кеткен екен. Енді аудан әкімдігі елді дүрліктірген қанды ауыз төбеттерді іздестіруге полицияны жұмылдырмақ. Иттер табылған жағдайда олардың құтыру ауруын жұқтырған-жұқтырмағаны тексерілетін болады.

Лауаз Уәлиев, Теректі ауданы әкімінің орынбасары:

3-дачныйда көбінесе кісілер жаз кезінде иттерді ұстайды да, күз кезінде жіберіп қояды. Үй иелері сол иттерден күдіктенеді. Қазір соларды іздестіріп жатырмыз.

Еркін ҚАРИН