$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Алматыда «Алтын мерген» садақшылар сайысы ұйымдастырылды

AstanaTV
30.10.2014ж. 20:00
1452
Алматыда «Алтын мерген» садақшылар сайысы ұйымдастырылды

Алматыда садақшылар сайысқа түсті. «Алтын мерген»  деп аталатын фестиваль елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бірақ соның өзінде садақ ату салтын жаңғыртып жүрген Қазақстан, Түркия, Қырғызстаннан 20-ға жуық мерген бақ сынасты.

Тұңғыш ұйымдастырылған фестивальдің шымылдығын алғашқы болып бақсы-шаман ашты. Ол дауысқа салып айналасындағыларды аластап, жарысқа шығатын садақшыларға сәттілік тілеп батасын берді. Содан кейін сайыс жолына шыққандар нысананы атуға кірісті. Барлығы бапта екенін байқатты.

Жарыста айырқалпақты ағайындар атпен шауып жүріп, нысананы көздеп, мергендіктерімен көпшіліктен дараланды. Көне ойынға әбден машықтанғаны көрініп тұр. Қазақ елі көшпенділердің қатарында болғанымен, ұлттық ойынның осы түрінен кенже қалып қойған дейді қырғызстандық садақшылар.

Алмазбек Сәрсенбаев, «Салбурын» федерациясының басшысы, Қырғызстан:

Атпен садақ ату қазақтарда ұмытылып қалған. Сіздерде экономика дамығанымен, мәдениет ұмыт қалып жатады. Біз осы садақ атуды жаңғырту үшін, жәрдемдесуге келдік.

Берік ХАСЕНОВ