Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ресейде заманауи көлік түрлерінің көрмесі өтті

AstanaTV
31.10.2014ж. 10:00
1476
Ресейде заманауи көлік түрлерінің көрмесі өтті

Мәскеуде «ЭкспоСитиТранс» қоғамдық көлік көрмесі өтті. Көрмеге 60-тан аса Ресей және шетелдік компаниялар өз тауарларын әкелді. Ресейде қоғамдық көлікке деген сұраныс жоғары. Сондықтан, көрмеге жаңа технологиялармен жабдықталған көліктерін әкелген «Сименс», «Алстом», «Финмеханика», «Бомбадьер» және «Уралвагонзавод» бірқатар келісім-шартқа қол жеткізуде жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта Ресейдің қоғамдық көлік жасайтын компаниялары шет елдік компаниялармен бәсекеге түсе алмайды. Дегенмен, болашақта көліктердің жаңа түрлерін ойлап тауып, бәсекеге қабілетті болу мақсатында жұмыстар атқарылатын болады. Қазір ресейлік компаниялар «Р1» жаңа моделін көпшілік назарына ұсынды. Болашақта осы модель Қазақстанға келуі мүмкін. Елімізде трамвай жолдары Алматы, Өскемен және Павлодар қалаларында бар. Әзірге Қазақстанда қоғамдық көліктердің басым бөлігі шет елден әкелінген. Мүмкін, болашақта екі елдің компаниялары келісімге келсе, дәл осы «Р1» жаңа моделі қала жолдарына шығады.

Иван, Мәскеу қаласының тұрғыны:

Жаңа көлік өте әдемі көрінеді. Бірақ, бұл көлік ауа-райы жылы мемлекеттерге қолайлы шығар. Мәскеудегі көлік кептелісін ескере отырып, бұл трамвайлар ұзаққа шыдамайды деп ойлаймын.

Самат ҚАНАҒАТОВ