$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Шенеунік отандық костюм кие ме?

AstanaTV
31.10.2014ж. 20:00
1232
Шенеунік отандық костюм кие ме?

Қазақстандық сауда үйлер отандық киім-кешектен гөрі шет елдік қол жетімді шүберек саудасына басымдық береді. Қазақстан жеңіл өнеркәсібі қауымдастығына мүше кәсіпкерлер елімізде отандық жеңіл өнеркәсіптің дамуына кедергілерді атады.

Мәселен, сауда алаңын жалға алуда итальяндық ортаңқол «Зара» брэндінің қазақстандық дизайнерлер дүниесіне қарағанда жеңілідігі бар көрінеді. Осы қалыпта қалсақ, отандық шенеуніктерге қазақстандық костюм кигіземіз деген Әсет Исекешевтің жоспары «жай сөз» дейді кәсіпкерлер.

Бәзиля Әбділманова , «Мақпал» сән үйінің директоры:

Сатылатын орындардың барлығы қазақтар ғой, шындығын айтқанда. Солардың бізге деген ықыласы жоқ.  Оларға әйтеуір шет елдік, аты шақса болды. Мысалы, менің киімім мен шетелдікі қатар тұрса, менің киімім ұтады, жақсы. Бірақ этикеткасын қарайды да «ее, Мақпал ма, бұл біздің Қазақстан» дейді.

Неліктен еліміздегі министрлер мен шенді атаулы Италияның сән үйлерін жағалайды? Эксклюзивті костюмдерді қандай министрлер тіктіреді? Талғамдары қандай?  Жауабы осы сенбіде 20:30 «Біздің уақыттың» зерттеуінде.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ