$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Британ халқының 47%-ы Ұлыбританияның Еуроодақтан бөлінуін қалайды

AstanaTV
03.11.2014ж. 20:00
1149
Британ халқының 47%-ы Ұлыбританияның Еуроодақтан бөлінуін қалайды

Британ халқының 47%-ы Ұлыбританияның Еуроодақтан бөлінуін қалайды. Мұндай ақпаратты YouGov зерттеу орталығына сілтеме жасаған  «Herald Scotland» басылымы таратты.

Еске салайық, Германия канцлері Ангела Меркель Ұлыбританияны Еуроодақтан шығару жайында сөз қозғаған еді. Ол Der Spiegel газетіне берген сұхбатында «Брюссель мен Лондонның қарым-қатынасы шегіне жетті» деп айтқан болатын. Бұған Ұлыбританияның келімсектерге қатысты позициясы себеп.

Британия премьері Дэвид Кэмерон 2015 жылы өтетін сайлауда жеңіске жетсе, бұл мәселені реттейтінін айтты. Ол  жұмыссыз мигранттарға төлемақы мөлшерін қысқартатынын жеткізді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА