$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Атамекенге оралған кейуана Астана маңындағы иесіз лашықты паналап жүр

AstanaTV
03.11.2014ж. 20:00
1019
Атамекенге оралған кейуана Астана маңындағы иесіз лашықты паналап жүр

Атамекенге оралған кейуана қораны паналап жүр! Қадиша апайдың қартайған шағында қараусыз қалғанына жылдан асты. Өзбекстаннан келген қандасымыз Астана маңындағы жылуы мен жарығы жоқ иесіз лашықты паналауға мәжбүр.

Қарайласатын перзентінен қайыр жоқ. Жалғыз ұлы әйелінің әмірінен шыға алмай, ақырында туған анасынан бас тартты. Өзбекстанда үйіміз болды, жағдайымыз да тәуір болатын дейді кейуана. Алайда ұлы барды сатып, шешесін көк тиынсыз далаға қаңғытып жіберген. Тағдырдың тәлкегіне мойынсұнған ана немере тәрбиелесем деген арманынан әлі де үміт үзбегенін айтады.

Қадиша Тұхлиева, оралман:

Менде де сол баламды, немеремді алып жүрсем, сүйіп отырсам, соның жақсылығын көрсем деген ниетпенен келген едім ғой. - Балаңыз хабарласпады ма? Қанша уақыт болды? - Бір жылдан асты.

Омар Жәлел, филология ғылымдарының кандидаты:

Мысалы, ол ата-анасын қарттар үйіне тапсырғанша, өзі жалаңаш қалу керек еді. Ол өзінің үйін сатып жіберу керек еді. Бұл біздегі қазақи намыстың жоқтығы. Ол ертең, мысалы, эфирге шығады, ол қалай тірі жүреді?

Қараусыз қалған қариялардың жайы «Кеш еместі» бей-жай қалдырмады. Самай шашы ағарып, ұрпағына өсиет айтар шағында қажетсіз болып қалған мұңлық жандардың көпке ой саларлық тағдыры мен өкпе-назы жайында бүгін 22.00-де «Кеш емес» бағдарламасынан көріңіздер. Назарыңыз «Астана» телеарнасында болсын!

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА