$485.11 €523.82 ₽5.02
×

«ҚазАгро» несиелерін қайтара алмай жатқан шаруаларға көмек қолын созуға әзірміз деп отыр

AstanaTV
04.11.2014ж. 10:00
1088
«ҚазАгро» несиелерін қайтара алмай жатқан шаруаларға көмек қолын созуға әзірміз деп отыр

Солтүстік Қазақстан облысының шаруаларынан, орақ науқанының кешігуіне байланысты несиені қайтару мерзімін ұзарту жөнінде өтініш түспеген. Бұл туралы «ҚазАгро» басшылығы мәлімдеді.

Олар алған несиелерін қайтара алмай жатқан шаруаларға көмек қолын созуға әзірміз деп отыр. Атап айтқанда, компания қарызды қайтару мерзімін ұзартуға жағдай жасауы мүмкін.

Дәурен Махажанов, «Қазагро» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Несиені қайтару мерзімін ұзарту мәселесін түскен өтініштерге байланысты қарастырамыз. Биыл берілген несиені қайтаруда қиындықтар туындап жатыр деген мағынада жаппай өтініш түскен жоқ. Егер ондай болған жағдайға бұл мәселені қарастыруға дайынбыз.

Естеріңізге саламыз, бұған дейін Қазақстан фермерлер одағы жауын-шашын мен қарға байланысты шығынға батқан шаруаларға несиені өтеу мерзімін ұзартуды сұраған болатын. Тіпті астықты өңірлерде төтенше жағдай жариялауды ұсынған. Бірақ, «ҚазАгро» өкілдері даурығудың қажеті жоқ деп отыр. Оның үстіне берешегінен уақытылы құтыла алмай жатқан шаруалардан да шағым түспеген. Ал мерзімді ұзартқысы келетіндер өз жағдайын құжатпен растауы керек.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА