$485.11 €523.82 ₽5.02
×

«Нұр Отан» фракциясы жиналысында жанар-жағармай тапшылығы мәселесі қаралды

AstanaTV
05.11.2014ж. 20:00
1130
«Нұр Отан» фракциясы жиналысында жанар-жағармай тапшылығы мәселесі қаралды

Жанар-жағармай нарқындағы тапшылық мәселесі жауапты мекемелер мен депутаттарды тағы тоғыстырды. Өзекті мәселе бұл жолы Парламент Мәжілісі «Нұр Отан» фракциясының жиналысында талқыланды.

Фракция мүшелері Энергетика вице-министрі мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы басшылығын сұрақтың астына алғанмен, ең маңызды сауалға жауап ала алмады. Есесіне, Ұлттық компания бір-екі жылда Қазақстанда бензин профициті болатынын айтып отыр. «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаева ішкі нарықты жанар-жағармаймен қаматамыз етуде атқарылып жатқан Үкімет шаралары тиімсіз екенін мәлімдеді.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі:

Многочисленные программы Правительства, которые должны были, по идее, решить проблемы со снабжением горюче-смазочными материалами для внутреннего рынка, не дают должного эффекта. Тот небольшой рост производства бензина, причем низкого качества, не соответствующего стандартам Евро-3, не говоря уже о Евро-4 и Евро-5, абсолютно не сопоставим с темпами роста автопарка. При этом мы даже не говорим об обеспечении внутреннего рынка качественными, отечественными моторными маслами, авиационным керосином и продуктами глубокой переработки нефти и газа.

Сапасыз жанармай мәжілісмендердің көліктерін де істен шығарып жатса керек. Депутат Мұхтар Тінекеев, көлігінің құны 200 мың теңге тұратын бензин айдауыш бөлшегі сынып қалғанын ренжіп айтты.

Мұхтар Тінекеев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

По поводу качества бензина. На ваших заправках же написано - «КазМунайГаз». Где ваши личные лаборатории? Я заменил бензонасос за 200 тысяч. Кто мне оплатит ремонт? И таких людей много! Если все подадут в суд на вашу компанию, что тогда будет с ней?

Ал еліміздің Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин жанармай сапасының нашарлығын мойындады. Алайда еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары жаңартылғаннан кейін, Еуро-4, Еуро-5 стандарттарына көшеміз деп сендірді.

Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары:

Сіздің айтып отырғаныңыз дұрыс. Бүгінде біз, кем дегенде, Еуро-1, Еуро-2 стандартын беруіміз керек. Қолданыстағы үш зауыт жаңартылып, кеңейтіліп жатыр. Бір жола мұнай өңдеу көлемін арттырып, жанармай сапасын Еуро-4, Еуро-5 стандарттарына сәйкестендіруді көздеп отырмыз.

Сондай-ақ вице-министр, 2016 жылы ішкі нарық толықтай отандық мұнай өнімімен қамтылатындығын мәлімдеді. Айтуынша, Павлодар, Шымкент және Атырау қалаларындағы қолданыстағы үш мұнай өңдеу зауыттарында жаңартылу жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе оңтүстік өңірдегі зауытқа баса назар аударылуда. «Елімізде төртінші мұнай өңдеу зауыты салынбайды. Есесіне, жылына 6 миллион тонна мұнай өңдеп тұрған Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын 12 миллион тонна шығара алатын деңгейге арттыру экономикалық тұрғыдан әлдеқайда тиімді», - деді Ұзақбай Қарабалин.

Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары:

Ең басынан құжаттардың ішінде ол Шымкенттің зауыты 12 миллион тонна өндіретін болып, соған бағышталған. Бірінші этапында алты миллион жасалған. Біз тағы да оны 6 миллионға кеңейтетін болсақ, Үкімет тұрғысынан қарағанда, 12 миллион тоннаға дейін кеңейтетін болсақ, бұл әлдеқайда экономикалық жағдайынан тиімдірек болады.

Жұрағат БАМАН