$485.11 €523.82 ₽5.02
×

«Оңтүстік Жезқазған» кен орнындағы апат газдың жарылуынан болмаған

AstanaTV
04.11.2014ж. 20:00
1938
«Оңтүстік Жезқазған» кен орнындағы апат газдың жарылуынан болмаған

«Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Оңтүстік Жезқазған» кен орнындағы апатқа газдың жарылуы себеп болмаған. Бұл жайында Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері хабарлады. Оқыс оқиға таңғы сағат 4 жарымдар шамасында орын алды. 140 метр тереңдікте екі жұмысшы белгілі бір жерді жоспарлы түрде жару үшін, жарылғыш затты қойып жатқан кезде болған. Бір кенші сол жерде көз жұмды, ал екіншісі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Төтенше жағдайдың нақты себебін анықтау үшін, арнайы комиссия құрылды.

Владимир Пфаргер, Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары:

Бұл шахтадағы жарылыс емес. Жезқазғанда метан газы жоқ. Онда шахтаны тесетін құрылғы атылған. Дұрыс зарядталмаған болуы мүмкін. Негізі, қондырғылар алдын ала тексеріледі,сапасы да жоғары.

Шахтадағы апаттан қайтыс болған жұмысшыны жерлеуге кен орны мен кәсіподақ комитеті 600 мың теңге қаржы бөлген. Апатқа марқұмның кінәлі еместігі арнайы тексеріс кезінде дәлелденсе, оның отбасына бір жылдық жалақысы көлемінде өтемақы берілуі мүмкін. Бұл туралы «Қазақмыс» корпорациясының баспасөз қызметі хабарлама таратты. 

Айжан КУАШ