$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қою тұманнан Астана әуежайында бірнеше рейс тоқтады

AstanaTV
05.11.2014ж. 13:00
1340
Қою тұманнан Астана әуежайында бірнеше рейс тоқтады

Қою тұманға байланысты бүгін Астана әуежайында 9 рейс уақытынан кешіктірілді. Әуежайдың анықтама қызметі өкілінің айтуынша, рейстердің кейінге шегерілуіне ауа райының өзгеруі себеп болған.

Нақтырақ айтсақ, Астанадан ұшатын 2 рейс, ол - Астана-Үрімші бағытындағы және Астана-Ақтау бағытындағы рейстер. Сондай-ақ, Елордаға қарай ұшып келетін 7 рейс кейінге шегерілді.

Роза Сейітмағанбетова, Астана халықаралық әуежайы РМК тілдерді дамыту қызметінің басшысы:

Ең көп кешіккен рейстердің ішінде Астана-Үрімші бағытындағы рейс 4 сағатқа кешікті. Шымкенттен үшып келетін рейс 1 сағатқа, ал Қостанайдан келетін рейс жарты сағатқа кешігеді. Жалпы, әуежай штат кестесінде жұмыс істеуде.

Мақсат Тәшенұлы, «Қазаэросервис» АҚ директоры міндетін атқарушы:

Тұманды аймақ тек қана Ақмола облысы емес, Қазақстанның солтүстік-шығыс, солтүстік өңірлерін де қамтуда. Енді болжам бойынша кешке тұман сейіледі. Және мұндай тұман алдағы күндері таңертең және кешкі уақыттарда қайталануы мүмкін.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ