$524.24 €612.94 ₽6.68
×

«Оңтүстік Жезқазған» кен орнындағы апатқа қатысты іс қозғалды

AstanaTV
05.11.2014ж. 13:00
1511
«Оңтүстік Жезқазған» кен орнындағы апатқа қатысты іс қозғалды

Қарағанды облысындағы шахтада болған апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық прокуратура жазбаша ақпарат таратты.

Кеше «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Оңтүстік Жезқазған» кен орнында апат орын алған еді. 140 метр тереңдікте ұңғыманы тесетін қондырғы атылып, 23 жастағы бір кенші қаза тапты. Екіншісі ауыр жарақат алған. Осыған орай, төтенше жағдайлар мен еңбек департаменті, сондай-ақ, прокуратура мамандарынан комиссия құрылған болатын.

«Қылмыстық Кодекстің «кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде техникалық қауіпсіздікті бұзу салдарынан байқаусызда адам өлімі мен басқа да ауыр зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалып отыр. Істі Сәтпаев қалалық ішкі істер бөлімі жүргізетін болады», -  делінген баспасөз хабарламасында. Қазір тергеу алды тексеру шаралары басталды. Болған жағдайға қатысты әлі ешкімге айып тағылған жоқ.

Айжан КУАШ