$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Мәскеуліктер жапа-тармағай баспана алып жатыр

AstanaTV
05.11.2014ж. 13:00
1325
Мәскеуліктер жапа-тармағай баспана алып жатыр

Рубльдің құлдырауына байланысты мәскеуліктер жиған-терген қаражатын жаппай жылжымайтын мүлікке салып жатыр. Бұл туралы «РБК» арнасы хабарлайды.

Құрылысы жүріп жатқан үйлерде үлескерлер қатары көбейген. Мұндай үрдіс қыркүйек айынан бері байқала бастады. Құрылысшылар жаз мезгілімен салыстырғанда, үлескерлер санының 130 пайызға өскенін айтады. Ал қолданыстағы үйлерге сұраныс 17 пайызға артқан. Орталық банктің валютаны тұрақтандыруға қатысты шарасы нәтиже берер емес.

Қыркүйек айында доллармен сатылатын баспана бағасы 2,5 пайызға түскен. Қазір Мәскеудегі пәтер құны әр шаршы метріне 4667 долларды құрайды. Сондай-ақ, ипотекалық несиеге сұраныс артқан. Жылжымайтын мүлік сатып алушылардың 47 пайызы несиенің осы түрімен баспана алуды көздегендер.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА