$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Мемлекет басшысы ТМД елдері қауіпсіздік органдары басшыларымен кездесті

AstanaTV
05.11.2014ж. 20:00
866
Мемлекет басшысы ТМД елдері қауіпсіздік органдары басшыларымен кездесті

Кедендік одақ аясында шекара ашықтығы одаққа мүше елдерді бірқатар ортақ сақтық шараларын қабылдауға міндеттейді. Бүгін Астанада Мемлекет басшысы ТМД елдері қауіпсіздік органдары және арнайы қызметтері өкілдерімен кездесті.

«Кеден одағы елдері арасында шекаралық кедергілердің болмауы экстремистік топтардың одақтас елдер аумағында емін-еркін жүруіне жол ашып отыр, сондықтан осы бағытта бірлесе қызметтесуге үндеймін», - деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев достастық елдері азаматтарының құқықтарының қорғалуы орнықты әлеуметтік-экономикалық даму мен қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның іргетасы болады деп түйіндеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мы видим новые вызовы, активизацию террористических организации в мире, и в наших странах в том числе. Экономическая безопасность наших государств в этих условиях, координация работы органов национальной безопасности и специальных служб очень важна.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ