$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қазақстанда жанармай молшылығынан проблемалар туындауы мүмкін

AstanaTV
06.11.2014ж. 10:00
1626
Қазақстанда жанармай молшылығынан проблемалар туындауы мүмкін

Қазақстанда енді жанармай молшылыған проблема туындауы мүмкін. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма басшысының орынбасары Данияр Тиесов осылай деді.

Оның сөзінше, елдегі МӨЗ-тары жаңартылатын болса, «бензин молшылығы» мәселе туындайды. Мәселен, Атырау мұнай өңдеу зауыты мұнай кенінің ортасында тұр, яғни зауыт шикізаттан таршылық көрмейді.

Дегенмен, мәселенің басқа қыры бар - Батыс Қазақстан демографиялық жағынан халқы аз шоғырланған өңір болып табылады. Оның үстіне, барлық үш мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудан кейін мол мұнай өнімдерін өткізу проблемасы пайда болады. «Өйткені Қазақстанның мұнай өнімдерінің экспорттық нарығы да көп емес. Мәселен, Ресей мен Қытай нарығы экспортқа зәру емес, елдің батысында да сондай ахуал қалыптасқан», - деп жазады «Қазақпарат».

Илхам ИБРАГИМ