$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Қарағандыда көршісінің үйіндегі жарылыстан үйсіз қалғандар далада түнеп жүр

AstanaTV
06.11.2014ж. 10:00
1681
Қарағандыда көршісінің үйіндегі жарылыстан үйсіз қалғандар далада түнеп жүр

Қарағандыда көршісінің кесірінен баспанасыз қалған отбасы бүгін 5-ші түнін далада өткізді. Ал, жергілікті билік қол ұшын созуға асығар емес.

Өткен демалыс күні қабырғалары жапсарлас орналасқан, екі пәтерлі үйде газ баллоны жарылған болатын. Жарылыс 46 жастағы ер адам сығымдалған газ баллонын пешке жылытпақ болған кезде орын алған. Салдарынан көршісі де жапа шекті. Қаламқас Кенжебаева төбесі жарылып, қабырғалары ілдебайлап тұрған баспанада баласымен бас сауғалауға мәжбүр.

Қаламқас Кенжебаева, жапа шеккен тұрғын:

Мынау менің кладовкам. Түнде пойыз өтеді. Төбе, қабырғалар шытырлайды. Түнде жалғыз жатам. Қашан құлап кетер екен деп қорқамыз.

Октябрь аудандық әкімдігі мәселеге қанық, бірақ жауап беруге келгенде бір-біріне допша лақтырды. Әкімдіктің қызметкері Айдар Закрин, бізге сұхбат беруге келіспеді. Алайда телефон арқылы зардап жеккен отбасына уақытша жатақханадан бөлме ұсынғандарын, бірақ одан Қаламқас Кенжебаева бас тартқанын айтты. Жалғыз басты ана болса, «ұсынған бапана қала сыртында, баламның мектепке қатынауына қиын болғандықтан келіспедім» дейді. Ал, жарылысқа себепкер болған көршілер болса ауруханада жатыр.

Айжан КУАШ