$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылар үшін заң жүзінде жеңілдіктер енгізілмек

AstanaTV
06.11.2014ж. 10:00
1257
Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылар үшін заң жүзінде жеңілдіктер енгізілмек

Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылар үшін заң жүзінде жеңілдіктер енгізілмек. Парламент мәжілісінің депутаттары аталмыш заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев, өзгертулер Австралия тәжірибесі бойынша әзірленгенін түсіндірді. Соған сәйкес, міндетті сараптамалардың жартысынан көбі қысқартылып, қағазбастылық азаяды. Осылайша жер қойнауын пайдалану құқығы бір ай көлемінде беріледі.

Айта өтейік, Инвестиция және даму министрлігінің берген есебі бойынша елімізде тәуелсіздік алған жылдардан бастап жер қойнауын пайдалану бойынша бар болғаны 400 мәміле жасалған. Геологиялық барлау жұмыстарына жеңілдіктер жасалатын болса, елімізде әлемдік деңгейдегі 15 кен орны ашылып, жаңа тау-кен өндіру өндірістері құрылады, - дейді министр.

Әсет Исекешев, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Қазақстан нарығына алғаш рет Канада, Австралия және Корея компаниялары кірді. Бұған дейін олар бізде жұмыс істеу мүмкіндігінен қағылған-ды. Кеңес Одағындағы тәртібі шошытқан болар. Қағазбастылық, бюрократия сынды мәселелер тосқауыл болды. Бүгінде Rio Tinto Жезқазған маңында жұмысын бастаса, басқалары Арқалық маңында. Бұл заң озық компаниялардың Қазақстанға ағылуына жағдай жасайды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА