$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақмола облысының Шортанды ауданында өрттен бір адам қаза тапты

AstanaTV
06.11.2014ж. 13:00
1226
Ақмола облысының Шортанды ауданында өрттен бір адам қаза тапты

Ақмола облысы Шортанды ауданында отқа оранған үйден зорлықпен өлтірілген ер адамның мәйіті табылды. Бұл жайында облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды, - деп жазады «Қазақпарат».

Белгілі болғандай, Шортандыда таңғы сағат 5-тер шамасында тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан. Қызыл жалын екі шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіру кезінде 1987 жылғы ер азаматтың мәйіті табылды. Марқұмның денесіндегі іздерге қарап құтқарушылар оның зорлықпен өлтірілгенін байқауға болады деген болжам жасады. Әзірге істің нақты мән-жайы белгісіз, делінген ресми хабарламада.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА