$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Бақытжан Сағынтаев: Бензин бағасы төмендемейді

AstanaTV
06.11.2014ж. 20:00
1707
Бақытжан Сағынтаев: Бензин бағасы төмендемейді

Бензиннің ішкі нарықтағы бағасы төмендемейді. Депутаттардың жанармай құнына қатысты сауалдарына жауап берген Үкімет басшысының Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев осылай деп мәлімдеді. Вице-премьер «ҚазМұнайГаз» компаниясы жетіспейтін бензинді Ресейден өз қаржысына алып, шығынға батып отырғанын жеткізді. Егер баға төмендетілсе, шығынның жоғарылай түсетінін жасырмады.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

Өздеріңіз білесіздер, 1,5-1,9 млн тоннадай бізде бүгінгі күнде ішкі нарықта дефицитіміз бар. Яғни біздің зауыттардан шығатын өнім ішкі қолдануды толығымен жаппайды. Сол себептен бүгінгі күнге дейін бензинді Ресейден алып келген болатынбыз, бағасын қарайтын болсақ, біздің ішкі нарық пен Ресейді салыстыратын болсақ, екі арада 20-30 теңгенің көлемінде айырмашылық бар. Яғни бізде баға төмен. Егер біз ішкі нарықтағы бағаны одан да төмен жасайтын болсақ,  «ҚазМұнайГаздың» шығыны одан сайын көбейетін болады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ