$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Соңғы төрт жылда өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция 2,5 есеге артқан

AstanaTV
06.11.2014ж. 20:00
1222
Соңғы төрт жылда өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция 2,5 есеге артқан

Соңғы төрт жылда өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция 2,5 есеге артқан. Елімізде қайта өңдеу саласында 21 миллиард доллардың 130-ға жуық инвестициялық жобасы іске қосылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» басқарма төрағасының орынбасары Әсел Ерғазиева мәлімдеді.

Соңғы тоғыз жылда Қазақстан экономикасына Еуроодақ елдері 95 миллиард доллар инвестиция құйған. Мұнан бөлек  АҚШ - 19 млрд, Қытай 12 миллиардқа жуық инвестиция салды. Бүгінде Қазақстанда елуден астам әлемдік ірі компания қызмет етеді. Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырғанға дейін сырттан 6 млрд доллар тартылса, бүгінде ол көрсеткіш 15 миллиардтан асты. Ал Батыс-Еуропа, Батыс-Қытай халықаралық дәлізі байланысты арттыруға жол ашады деп күтілуде.

Әсел Ерғазиева, «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Аталмыш дәліз тауарды Еуропадан Қытайға бұрынғыдай 40 күнде емес, 10 күн ішінде жеткізуге мүмкіндік береді. Қазақстан аумағы арқылы өтсе, уақыттан төрт есеге ұтады. Мұндай инфрақұрылым біздің өндірушілер үшін де өте қолайлы болмақ.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ